
Қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабек Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында финалға жолдама алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен еркін күрес шебері жартылай финалда Өзбекстан өкілі Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.
Енді Бақдәулет Ағабек әлем чемпионатының финалында Үндістан балуаны Аарьянмен белдеседі. Қазақстандық спортшы әлем чемпионы атану үшін шешуші айқасқа шығады.
Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық балуан Сағындық Темірғали да жартылай финалда күш сынасады. Оның қарсыласы Ресей өкілі Магомед Омаров болады.



