БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан U23 Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Әйелдер арасындағы U23 санатындағы финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлназ Бөрібаева финалда моңғолиялық Содон-Од Биндерияны жеңіп, Азия чемпионы атанды.

70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина шешуші кездесуде өзбекстандық Райхона Курбонбоеваны жеңіп, алтын медаль иеленді.

75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай үндістандық Мусканнан басым түсіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.

Күміс жүлдені 51 келіге дейінгі салмақта Анита Адишева, 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек және 80 келіге дейінгі салмақта Құралай Егінбайқызы жеңіп алды. Үшеуі де финалда өз қарсыластарына жол берді.

Осылайша, U23 санатындағы Қазақстан құрамасының еншісінде үш алтын, үш күміс және үш қола медаль бар. Бұған дейін Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button