
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін U17 жас санатындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.
Еркін күрестен ел намысын Арын Жанат (45 келіге дейін), Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін), Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірлан Мұрат (55 келіге дейін), Мардан Орынбасар (60 келіге дейін), Замир Данияр (65 келіге дейін), Әділет Рысбай (71 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) және Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қорғайды.
Грек-рим күресінен Нұрислам Пахитжан (45 келіге дейін), Әли Алмас (48 келіге дейін), Қуанышбек Жанажол (51 келіге дейін), Дияр Аманәлі (55 келіге дейін), Нұралы Асқар (60 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін), Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін), Әлихан Кушев (80 келіге дейін), Әли Бекенғазы (92 келіге дейін) және Арыстан Темірғали (110 келіге дейін) бозкілемге шығады.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының сапында Аяру Ілияс (40 келіге дейін), Данара Даирбекова (43 келіге дейін), Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Аянат Мейінбай (49 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін), Арина Қуанышова (57 келіге дейін), Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін), Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін), Хадиша Флюк (69 келіге дейін) және Бағжан Құрманбай (73 келіге дейін) өнер көрсетеді.
Айта кетейік, U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында өтеді. Қазақстандық жас балуандар әлемдік додада үш күрес түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады.



