
Қазақстандық балуандар Інжу Баққожа мен Аружан Бақытнұр Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды.
46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Інжу Баққожа мен 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аружан Бақытнұр жартылай финалға дейін жеткенімен, қарсыластарына есе жіберді.
Енді қос қазақстандық балуан жұбаныш кезеңінің қорытындысы бойынша анықталатын қарсыластарымен қола медаль үшін белдеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.



