БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан U17 әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Литваның Каунас қаласында қазіргі бессайыстан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бірқатар бағдарлама бойынша сәтті өнер көрсетіп, командалық жарыстарда үздік ондыққа енді.

Ерлер арасындағы жекелей сында Тамирлан Төлегенов пен Берік Хамза іріктеу және жартылай финалдық кезеңдерден сүрінбей өтіп, финалға жолдама алды. Қорытындысында Тамирлан 23-орынға, ал Берік 25-орынға тұрақтады.

Командалық эстафетада Тамирлан Төлегенов пен Берік Хамза алтыншы орын алып, әлем чемпионатының үздік ондығына енді. Әйелдер арасындағы эстафетада Яна Беспалова мен Сабина Ахмедина 12-орынға ие болды.

Аралас командалық эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Яна Беспалова мен Тамирлан Төлегенов өнер көрсетіп, жарысты 13-орынмен аяқтады.

Командалық есепте ерлер құрамасы (Берік Хамза, Тамирлан Төлегенов, Нұрғали Өмірсерік) сегізінші орыннан көрінді. Ал Яна Беспалова, Сабина Ахмедина және Диана Гренцтен құралған әйелдер командасы 14-орынға тұрақтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button