КҮРЕС
Еркін күрес: Ризабек Айтмұхан Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін Super 4 Wrestling халықаралық турниріне қатысады.
97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа бар-жоғы төрт балуан таласады. Қазақстандық спортшының басты қарсыластары қатарында әлемге танымал балуандар бар: Алихан Кцоев (Ресей), Ахмед Батаев (Болгария) және Мераб Сулейманишвили (Грузия).
Турнир 13 ақпанда өтеді.



