ХОККЕЙ
«Барыс» ҚХЛ-де қатарынан төртінші рет жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойын күнінде астаналық Барыс өз айдынында хабаровскілік Амур командасын қабылдады.
Елордада өткен матчта қазақстандық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. «Барыс» сапынан жалғыз шайбаны екінші кезеңде Панюков соқты. Ал «Амур» құрамында Шварев, Филатьев, Ураков және Гиздатуллин мергендік танытты.
Бұл — «Барыстың» қатарынан төртінші жеңілісі. Айта кетейік, соңғы төрт кездесудің барлығы да елордалық команданың өз айдынында өтті.
Қазіргі таңда «Барыс» 34 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс конференциясында 9-орында тұр. Михаил Кравец жаттықтыратын ұжым келесі ойынын 30 желтоқсанда Авангард командасына қарсы өткізеді.



