АУЫР АТЛЕТИКА
Астанада өтетін ауыр атлетика чемпионатына әлем чемпиондары қатысады

Астана қаласы ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдайды. Турнир 1-7 желтоқсан күндері «Алатау» спорт сарайында өтеді.
Жарысқа Қазақстан құрамасының жетекші спортшылары қатысады. Олардың арасында әлем чемпиондары Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов, сондай-ақ жастар арасындағы Азия рекордшысы Едіге Емберді бар.
Чемпионат барысында медальдар жекелей жаттығулар бойынша сарапқа салынады.



