КҮРЕС

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды.

Ұлттық құраманың тәжірибелі өкілі 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Сыздықова Түркия спортшысы Эльмира Ясинді айқын басымдықпен жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button