БОКС
Нұрбек Мұрсал Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына өтті.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда украиналық Юрий Захарьевпен күш сынасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, финалда Қазақстанның екі боксшысы өнер көрсетеді. Бұған дейін Сұлтанбек Айбарұлы да өз жекпе-жегінде жеңіске жетіп, финалға жол ашқан еді.



