ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады

28 тамызда Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионаты басталады.

Қазақстан құрамасы жарысқа тоғыз спортшымен қатысады.

46 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева және Тоғжан Өмірзақ өнер көрсетеді.

49 келіге дейін: Нұрай Бауыржанова, Адель Жанділдинова.

57 келіге дейін: Мария Севостьянова.

62 келіге дейін: Айша Әділбекқызы.

67 келіге дейін: Аружан Найманбаева.

73 келіге дейін: Нұрай Хусаинова.

Әлем чемпионаты 28–30 тамыз аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button