ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Арман» жағажай футболынан Қазақстан чемпионы атанды

Көкшетауда жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Маусым қорытындысы бойынша Павлодардың «Арман» командасы чемпион атанды.

Чемпионаттың алғашқы кезеңі Павлодарда өтсе, шешуші кезең Көкшетаудағы Қопа көлінің жағасында арнайы жабдықталған аренада ұйымдастырылды.

Турнир қорытындысы бойынша «Арман» бірінші орынға ие болды. Тараздың «Omega» командасы күміс медаль алса, Павлодардың «Арман 1» ұжымы үшінші орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер:

  1. «Арман» (Павлодар)
  2. «Omega» (Тараз)
  3. «Арман 1» (Павлодар)

Сонымен қатар чемпионаттың үздік ойыншылары анықталды. Үздік қақпашы аталымын «Көкшетау» командасының ойыншысы Бақытжан Бауржан иеленді. «Арман» сапындағы Тимур Ершин үздік қорғаушы атанды.

«Omega» ойыншысы Саид Музарапов үздік сұрмерген, Жасұлан Исаев үздік креативті ойыншы атанды. «Арман» командасының өкілі Даниель Кошкарев үздік жас ойыншы, ал Баянбек Муралинов маусымның үздік ойыншысы деп танылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button