БОКС

Геннадий Головкин ISSA вице-президенті қызметіне ресми үміткер атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа өңірлері бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді.

Головкиннің кандидатурасы ұйымның біліктілік және этикалық талаптарына сәйкестігі бойынша барлық қажетті тексерулерден өтті. Нәтижесінде ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026–2029 жылдарға арналған сайлауына ресми үміткер ретінде тіркелді. Үміткерлердің тізімі қауымдастыққа мүше барлық ұлттық олимпиадалық комитеттерге жолданды.

Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның XV Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы (ISSA) Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты жобаларының бірі – төрт жыл сайын ұйымдастырылатын Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button