
Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазыбек Қалмағамбетов чемпион атанып, Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді салды.
Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) пен Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Братиславадағы U20 әлем чемпионатын төрт жүлдемен қорытындылады.



