КҮРЕСТРЕНДТЕ

Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық балуан Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Өзбекстан өкілі Улугбек Рашидовты сенімді басымдықпен жеңді.

92 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан сынға түскен Бейбарыс Ерғали қола медаль үшін белдесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниден жеңіліп қалды.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс және бір қола медаль бар. Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек күміс жүлдегер атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button