АУЫР АТЛЕТИКА
Зілтемірші Едіге Емберді Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Едіге Емберді Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды.
79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы жұлқа көтеру жаттығуында 152 келіні еңсеріп, үшінші орын иеленді.
Бұл сында мысырлық Абдельрахман Эльсайед 166 келімен алтын, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов 155 келімен күміс жүлдегер атанды.
Серпе көтеру мен қоссайыстың қорытындысы кейін анықталады.



