Спорт Министрі | Едіге Емберді әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді
АУЫР АТЛЕТИКА

Едіге Емберді әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді

Норвегияның Ферде қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде 79 келіге дейінгі салмақтағы үздіктер анықталды.

Бұл санатта Қазақстан құрамасынан Едіге Емберді (А тобы) мен Петр Хребтов (В тобы) ел намысын қорғады.

Хребтов қоссайыс қорытындысы бойынша 330 кг (147+183) нәтижемен өз тобында алтыншы орын алды. Ал Едіге Емберді 351 кг (155+196) көтеріп, жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.

Жарыс жеңімпазы — индонезиялық Ризки Джуниянсан, оның нәтижесі 361 кг (157+204). Күміс жүлдені Солтүстік Корея спортшысы Ри Чон Сон (360 кг), ал қола медальды мысырлық Мохаммед Эльсайед (360 кг) еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button