ФУТБОЛ
Қазақстан – Фарер аралдары матчы 6 қазанда өтеді

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы кезекті кездесуін Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Матч 6 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесу алдындағы ресми іс-шаралар 5 қазанға жоспарланған. Сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының баспасөз конференциясы өтсе, 17:00-де ұлттық команданың жаттығуы басталады. БАҚ өкілдері жаттығудың алғашқы 15 минутына қатыса алады.
Фарер аралдары құрамасының баспасөз конференциясы сағат 18:00-де өтеді. Қонақ команданың ойын алдындағы жаттығуы 19:00-де басталып, оның да алғашқы 15 минуты БАҚ үшін ашық болады.
Қазақстан – Фарер аралдары кездесуі 6 қазан күні сағат 19:00-де басталады.



