Астанада Премьер-лига клубтарының басшыларымен 2027 жылғы маусымға дайындық талқыланды

Астанадағы Футбол үйінде Қазақстан Премьер-лигасының 2027 жылғы маусымына дайындық мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Жиынға ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн, Бас хатшының орынбасары Александр Кеплин, Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының атқарушы директоры Ержан Мұсабеков, директордың орынбасары Павел Демян және Премьер-лига клубтарының басшылары қатысты.
Кездесуде 2027 жылғы маусымдағы Премьер-лига матчтарының телетрансляциясы, чемпионат күнтізбесінің жобасы және ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған Қазақстан чемпионатының Премьер-лига клубтары арасындағы жарыс регламентіне енгізілетін өзгерістер талқыланды.
Жұмыс кеңесінің соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, клуб өкілдері ҚФФ басшылығымен жаңа маусымға дайындыққа қатысты мәселелерді ортаға салды.



