БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан гандболшылары Азия ойындарын Қытайдан жеңіліспен бастады
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында гандболдан алғашқы кездесуін өткізді.
Ұлттық құрама бірінші матчта Қытай командасымен ойнап, 24:34 есебімен жеңіліп қалды.
Гандболдан әйелдер арасындағы жарыс айналмалы жүйе бойынша өтуде. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 20 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекке жоспарланған.



