БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан көгалдағы хоккейден Азия ойындарын Малайзиядан жеңіліспен бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында көгалдағы хоккейден алғашқы кездесуін өткізді.

А тобындағы бірінші матчта қазақстандық хоккейшілер Малайзия құрамасына қарсы ойнап, 0:5 есебімен жеңілді.

Қазақстанмен бір топта Малайзиядан бөлек Қытай, Оңтүстік Корея, Бангладеш және Қытайлық Тайбэй құрамалары өнер көрсетеді.

Ұлттық құрама келесі кездесуін 21 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button