БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореямен ойнайды

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды. Ұлттық команда жартылай финал жолдамасын Оңтүстік Кореямен сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы В тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті. Алғашқы кездесуде Филиппинді 3:1 есебімен жеңген қазақстандық волейболшылар келесі матчта Қытайға 0:3 есебімен есе жіберді.

Оңтүстік Корея құрамасы D тобында үш ойында да жеңіске жетіп, бірінші орын алды. Кореялықтар Гонконг пен Қатарды 3:0 есебімен, ал Вьетнамды 3:1 есебімен ұтты.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ширек финалдық кездесу 20 қыркүйекте өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button