ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Қазақстан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында үш рет үздік ондыққа енді

Қытайдың Гуйян қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионатындағы эстафеталық жарыстар аяқталды.
Қазақстандық спортшылар үш эстафеталық бәсекеде де үздік ондықтың қатарынан көрінді.
Ерлер арасындағы эстафетада Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды.
Әйелдер арасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Аралас эстафетада Қазақстан атынан Кирилл Стадник пен Ярославна Понер өнер көрсетіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Енді әлем чемпионатында жекелей жарыстар басталады.



