ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Алина Чистякова Азия ойындарында жетісайыстан қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Жетісайыс қорытындысы бойынша Чистякова 5568 ұпай жинап, үшінші орын иеленді.
Алтын медаль Жапония өкілі Юри Танакаға бұйырды. Ол 5920 ұпай жинады. Тағы бір жапониялық спортшы Нанака Кадзики 5673 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.
Алина Чистякова бұған дейін 2026 жылы жабық ғимараттағы Азия чемпионатында бессайыстан 4181 ұпай жинап, чемпион атанған еді.
Фото: Никита Басов



