ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Қазақстанның U19 әлем чемпионатына қатысатын бессайысшылары белгілі болды

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы қазіргі бессайыстан Испанияның Мадрид қаласында өтетін 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құраманы жариялады.
Әлем біріншілігінде ел намысын жеті спортшы қорғайды. Құрамға Ерасыл Артықбай, Степан Варехин, Артур Лапин, Амаль Кусаинов, Диана Щедрова, Сабина Ахмедина және Яна Беспалова енді.
Айта кетейік, U19 санатындағы әлем чемпионаты 22–28 тамыз аралығында Испания астанасы Мадридте өтеді. Қазақстандық спортшылар әлемнің үздік жас бессайысшыларымен бірге жүлделер үшін бақ сынайды.



