БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатында бақ сынайды

6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасының намысын екі спортшы – Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев қорғайды. Қазақстандық ескек есушілер ерлер арасындағы жұптық сайыста өнер көрсетеді.

Жас спортшылар әлемнің үздік қарсыластарымен күш сынасып, жоғары нәтиже көрсетуге және халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, U19 жас санатындағы академиялық ескек есуден әлем чемпионаты 6–9 тамыз аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button