ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан дзюдодан Asian Open турнирін сегіз медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Тайбэйде өткен дзюдодан Asian Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, сегіз медаль жеңіп алды. Ел қоржынына екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлде түсті.

Турнир жеңімпаздары атанған Мади Жеткерген (73 келіге дейін) мен Санжар Жаббаров (100 келіден жоғары) Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Күміс жүлдені 66 келіге дейінгі салмақта Мейірбек Байзақов пен 52 келіге дейінгі салмақта Айшабибі Мұрадимова иеленді.

Ал қола медальдарды Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келіге дейін), Мади Еділбаев (100 келіден жоғары) және Аяна Дүйсенбай (48 келіге дейін) жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Көш басында жеті алтын, бес күміс және он қола медаль еншілеген Оңтүстік Корея орналасса, екінші орынды төрт алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алған Жапония иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button