БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық шпагашылар әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, командалық шпага бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.

Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған ұлттық құрама финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші кездесуде Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Чемпиондық жолында қазақстандық семсерлесушілер Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және жартылай финалда Мысырды (41:32) тізе бүктіріп, әлем чемпионатының алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Бұл – Қазақстан семсерлесу тарихындағы айтулы жетістік. Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі 2025 жылы жеңіп алған командалық қола медаль болатын. Сондай-ақ Руслан Курбанов 2023 жылғы әлем чемпионатында жекелей сында қола жүлдеге ие болған еді.

Осылайша Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионы атанып, ел спортының тарихына жаңа жарқын белес қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button