ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Бейбарыс Сұлтан жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Чехияның Прага қаласында өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдесіп, финалға дейін сәтті жетті. Алайда шешуші кездесуде әзірбайжандық Рамазан Ахмадовқа есе жіберіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Прагада өткен жастар арасындағы Еуропа кубогына 33 елден 455 дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button