ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстанның жастар құрамасы Макаода өткен дзюдодан Азия кубогында сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына тоғыз медаль салды. Отандастарымыз құрлықтық додада үш алтын, үш күміс және үш қола жүлдені иеленді.

Азия кубогының чемпиондары атанған спортшылар қатарында 60 келіге дейінгі салмақта Ерхан Мұрат, 66 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Исатаев және 90 келіге дейінгі салмақта Архат Өтеген бар. Олар өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.

Күміс жүлдеге 60 келіге дейінгі салмақта Абылай Алмабек, 78 келіден жоғары салмақта Айымзада Думанқызы және 90 келіге дейінгі салмақта Әлішер Слямжанова қол жеткізді.

Ал қола медальді Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін) және Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) жеңіп алды.

Қазақстандық жастардың табысты нәтижесі елдегі дзюдо мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, халықаралық аренада отандық спортшылардың әлеуетін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button