
Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпиондарының қатарына Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін) және Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін) енді.
Күміс жүлделерді Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедәли Закиров (73 келіге дейін) және Руслана Махатова (78 келіден жоғары) иеленді.
Ал Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін) және Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатын бес алтын, төрт күміс және үш қола медальмен қорытындылап, құрлықтық додада табысты өнер көрсетті.



