АУЫР АТЛЕТИКА

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан спортшыларының нәтижелері

Үндістанның Гандинагар қаласында ауыр атлетикадан 2026 жылғы Азия чемпионаты аяқталды.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапынан төрт зілтемірші өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасының ең үздік нәтижесін Александр Уваров тіркеді. 88 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы жұлқа көтеруде 165 келіні бағындырып, кіші қола медаль жеңіп алды. Ал қоссайыс қорытындысында 365 келі (165+200) көтеріп, бесінші орынға тұрақтады.

110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұлтан Мейрам жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орын алды. Оның нәтижесі — 375 келі (171+204).

88 келіге дейінгі салмақтағы тағы бір қазақстандық Әлібек Рахымберды қоссайыс бойынша 349 келі (158+191) көтеріп, сегізінші орынға жайғасты.

79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Петр Хребтов жарысты бесінші орынмен аяқтады. Қазақстандық зілтемірші 335 келі (150+185) нәтижесін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button