БАСҚАЛАРЫ

Семсерлесуден Будапешттегі Гран-при: Қазақстан құрамасының тізімі

Венгрияның Будапешт қаласында семсерлесуден Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталды.

Бұл беделді жарыста Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды. Құрама сапына Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов, Ерлік Сертай, Богдан Лукин, Аңсар Қасен, Михаил Кузьмин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Қайдарова және Ләззат Қарипова енді.

Айта кетейік, Гран-при турнирі 19 сәуірге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button