КҮРЕС
Қисыметов қола жүлде үшін белдеседі

Қазақстандық балуан Қаһарман Қисыметов Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлде үшін күресетін болды.
77 келіге дейінгі салмақта ол жұбаныш белдесуінде жапониялық Исамы Хорикитаға қарсы айқаста 9:1 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Енді қазақстандық спортшы қола медаль үшін Дониерхон Накибовпен қарсы белдеседі.
Айта кетейік, бүгін үшінші орын үшін өтетін белдесуде Нұрсұлтан Тұрсынов та бозкілемге шығады.



