КҮРЕС

Камалиев пен Аманбек жартылай финалға шықты

Қазақстандық балуандар Ербол Камалиев және Алматбек Аманбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта Камалиев Тайпей өкілі Су Юнсянға қарсы белдесуде 8:0 есебімен айқын басым түсті.

Ал 72 келіге дейінгі салмақта Аманбек қытайлық Ли Дуньюйді 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам Евлоев та жартылай финалға өткен еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button