КҮРЕС

Евлоев Азия чемпионатында жартылай финалға шықты

Қазақстандық балуан Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.

97 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол жапониялық Юри Наказатоға қарсы белдесуде айқын басымдық танытты.

Кездесу алғашқы минуттардың өзінде аяқталды. Евлоев сегіз ұпай жинап, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Жартылай финалдық белдесулер 7 сәуірде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button