ХОККЕЙ

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан элиталық дивизионға шығу мүмкіндігінен айырылды

Қазақстанның жастар құрамасы Словенияда өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында кезекті кездесуін өткізді.

Бұл матчта ұлттық құрама Норвегиямен шеберлік байқасты. Ойын барысында қарсылас айқын басымдық танытып, кездесу 10:2 есебімен норвегиялықтардың пайдасына аяқталды.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алу мүмкіндігінен айырылды.

Енді қазақстандық хоккейшілер турнирдегі соңғы ойынын Австрия құрамасына қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button