КҮРЕС
Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық күрес турнирінде бақ сынайды

9 тамыз күні Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық еркін күрес турнирі өтеді. Додаға Қазақстан құрамасының бірнеше балуаны қатысады.
97 келіге дейінгі салмақта ел намысын әлем чемпионатының жүлдегері Ризабек Айтмұхан қорғайды. Оның қарсыластары – ресейлік балуандар Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.
79 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Дәулет Ергеш ресейлік Магомед Магомаевпен белдеседі.
65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен кездеседі.
Турнир кестесінде өзге де қызықты жекпе-жектер бар. Ақтөбедегі додада көрермендер еркін күрестің мықтылары арасындағы тартысты айқастарға куә болмақ.



