Спорт Министрі | Қазақстан құрамасының хоккейшілері әлем чемпионатына аттанады – құрама тізімі жарияланды
ХОККЕЙ

Қазақстан құрамасының хоккейшілері әлем чемпионатына аттанады – құрама тізімі жарияланды

Қазақстанның шайбалы хоккей құрамасы 2025 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін сапарға шықты. Команда алдымен 6 мамыр күні Швецияда Словенияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ал 7 мамырда Данияның Хернинг қаласына жетіп, турнирге ресми түрде қосылады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Бапкерлер штабы финалдық құрамды жариялады. Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді. Олардың арасында ҚХЛ, ВХЛ және ішкі чемпионатта ойнайтын тәжірибелі спортшылар бар.

Қақпашылар:

  • Желал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, ВХЛ)

  • Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау)

  • Максим Павленко («Рязань – ВДВ», Рязань, ВХЛ)

Қорғаушылар:

  • Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамерлан Гайтамиров, Артём Королёв («Барыс», Астана, ҚХЛ)

  • Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ)

  • Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ)

  • Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау)

  • Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ)

Шабуылшылар:

  • Алихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Роман Старченко («Барыс», Астана, ҚХЛ)

  • Владимир Волков («Арлан», Көкшетау)

  • Вячеслав Колесников («Номад», Астана)

  • Артём Лихотников («Хумо», Ташкент)

  • Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ)

  • Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, ВХЛ)

  • Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ)

Бас бапкер: Олег Болякин

Басқа жаңалықтар

Back to top button