ТЕННИС

Григорий Ломакин Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Аньнин қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жұптық санатында финалға жолдама алды.​

Ломакин таиландтық серіктесі Вишайя Тронгчароенчайкулмен бірге жарыстың 2-ракеткасы ретінде тіркеліп, бірқатар қарсыластарын жеңіп шықты.​

  • 1/8 финалда олар қытайлық Динжен Нима мен Женгу Сун жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты.​

  • Ширек финалда қытайлық Ксируй Хань мен Вейтао Сюйді 6:2, 6:4 нәтижесімен жеңді.​

  • Жартылай финалда оңтүстіккореялық Сан-уи Шин мен Сеонгбин Шим жұбын 7:5, 3:6, 10:8 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты.​

Алайда жекелей сында Ломакин ширек финалда оңтүстіккореялық Ву Бин Шиннен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.​

Финалдық кездесу 3 мамырда өтеді.​

Басқа жаңалықтар

Back to top button