Спорт Министрі | Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды: қазақстандықтардың алғашқы нәтижесі
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды: қазақстандықтардың алғашқы нәтижесі

13 қыркүйекте, Жапонияның Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды.

Алғашқы жүлделер 35 шақырымдық спорттық жүрісте сарапқа салынды.

Әйелдер арасында бұл бағдарламада ел намысын екі спортшымыз қорғады. Полина Репина 35-орынға ие болды. Галина Якушева қашықтықты аяқтай алмады.

Испаниялық Мария Перес жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Антонелла Пальмизано иеленсе, Эквадор спортшысы Паула Торрес қола медальға қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button