ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы жарысты 10 алтын, 8 күміс және 6 қола медальмен аяқтады.

Алтын медальдарды Ұлболсын Есіркеп, Юлия Башманова, Алина Чистякова, Виктория Ан, Иван Иванов, Мария Ефремова, Михаил Литвин, Зелимхан Насыров және эстафетада өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы жеңіп алды. Виктория Ан 200 метрге жүгіруден, Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден де чемпион атанды.

Күміс жүлдеге Никита Изотов, Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот, Ромео Петров, Алан Иванов, Милана Зубарева, Анастасия Калошина, Анастасия Рыпакова және Анастасия Колода ие болды.

Қола медальдарды Давид Ефремов, Ақбілек Құралбай, Томирис Ерматова, Варвара Дмитриева, Антонина Чернышева және Екатерина Колода еншіледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатынан жалпы 24 медальмен оралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button