Спорт Министрі | «Таза Қазақстан»: Астанада бұқаралық жүгіру жарысы өтеді
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

«Таза Қазақстан»: Астанада бұқаралық жүгіру жарысы өтеді

Астанада 24 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясына орай «ALMATY RUN» бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылады.

Шара «Триатлон паркі» аумағында өтеді. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Жарысқа кез келген қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Тіркелу уақыты: 07:00–09:00, ал ресми басталуы – 09:00-де.

Қатысушылар үшін 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар дайындалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс барысында көлік қозғалысы шектелмейді.

Шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік маңызды даталарға назар аударту.

Жүгіру жарысын сәтті аяқтаған әр қатысушыға естелік медаль табысталады. Сонымен қатар, қатысушылар велосипедтер ұтысына қатыса алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button