Спорт Министрі | Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі медальға қол жеткізді
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі медальға қол жеткізді

19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр.

Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтони Каглаянға (Түркия) бұйырды — 00:58:56.

Айта кетейік, аталмыш жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button