ТЕННИС

Александр Шевченко Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаадта (Швейцария) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Отандасымыз жергілікті жұлдыз Стэн Вавринкамен кездесіп, матчты 6:3, 6:2 есебімен аяқтады. Ойын 1 сағат 15 минутқа созылды. Шевченко 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың жартысын тиімді пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисшілердің ішкі дуэлі өтеді: Шевченко ширек финал жолдамасын сарапқа салу үшін Александр Бубликпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button