Спорт Министрі | Уимблдон: Елена Рыбакина Серена Уильямстің көрсеткішін қайталады
ТЕННИС

Уимблдон: Елена Рыбакина Серена Уильямстің көрсеткішін қайталады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирлерінде жеңіс пайызы бойынша тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол бұл көрсеткіште аты аңызға айналған америкалық спортшы Серена Уильямспен теңесіп отыр.

OptaAce X дерегіне сүйенсек, Рыбакинаның Уимблдондағы жеңіс пайызы 87,5 пайызды құрайды. Бұл – турнир тарихындағы төртінші үздік көрсеткіш.

Уимблдондағы үздік жеңіс пайызына ие теннисшілер:

  1. Энн Хейдон-Джонс – 92,3%
  2. Штеффи Граф – 91,4%
  3. Мартина Навратилова – 89,6%
  4. Елена Рыбакина / Серена Уильямс – 87,5%

Еске салайық, Елена Рыбакина Уимблдон турниріне алғаш рет 2021 жылы қатысып, төртінші айналымға дейін жеткен. 2022 жылы чемпион атанды, 2023 жылы ширек финалға, 2024 жылы жартылай финалға дейін жетті.

Биылғы жарыстың үшінші айналымында Рыбакина әлемнің 22-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен кездеседі. Бұл матч – қазақстандық спортшының жарқын көрсеткішін әрі қарай жақсарту мүмкіндігі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button