Спорт Министрі | Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының кезеңінде жеңіске жетті
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті.

Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан және Жапониядан келген 120-дан астам спортшы қатысты.

Турнир World Triathlon ұйымының құрлықтық күнтізбесі аясында өтіп, Азия және әлем чемпионаттарына дайындықтағы маңызды кезеңдердің біріне айналды.

Элита санатында ерлер арасында қазақстандық Дарын Қонысбаев 1:46:28 нәтижесімен жеңімпаз атанды. Одан кейін ресейлік Роман Минеев мәреге жетті. Үшінші орынды Германия өкілі Тилль Крамп иеленді.

Әйелдер арасындағы жасөспірімдер санатында Қазақстан спортшысы Диана Ержанова алтын медальға ие болды — 1:08:20. Күміс жүлде — өзбекстандық Диана Биктимировада. Қола медальды қазақстандық Әнел Исабаева жеңіп алды — 1:10:54.

Ал ерелер арасындағы жасөспірім санатында жеңіс тұғыры толықтай қазақстандық спортшылармен толды. Елмұрат Қанай бірінші орынды иеленді. Екінші орын — Илья Крупяковта. Ал Рамазан Айнегов қола жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button