ТЕННИС
Елена Рыбакина Берлин турнирінде әлемнің 5-ракеткасымен шеберлік байқасады

16-22 маусым аралығында өтетін Берлиндегі (Германия) WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Екі теннисші бұған дейін үш мәрте кездескен, оның екеуінде жеңіс Рыбакина еншісінде болған.
Айта кетейік, Лондон WTA 500 жарысында Елена ширек финалда Татьяна Мариядан жеңілген еді. Германиялық теннисші кейін Мэдисон Кизді (6:3, 7:6) ұтып, финалға шықты. Ал Чжэн Циньвэнь жартылай финалда Аманда Анисимоваға (2:6, 6:4, 4:6) жол беріп, жарысты аяқтады.
Берлиндегі турнирдің жалпы жүлде қоры 925 661 еуро. Жекелей сында топ жарған теннисші 142 610 еуро табыс пен 500 рейтингілік ұпай алады.