ТЕННИС

Зарина Дияс Португалиядағы турнирде жапониялық теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Португалияның Гимарайнш қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.

Дүниежүзілік рейтингте 280-орында тұрған Дияс алғашқы кезеңде жапониялық Акико Омаэмен кездесті. 1 сағат 35 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұл турнирде Зарина 5-ракетка ретінде тіркелген. Оның келесі қарсыласы кейін белгілі болады.

Қазіргі уақытта ол WTA Live рейтингінде 277-орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button