
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы халықаралық турнирде жұптық сайыстың жартылай финалына шықты.
Отандасымыз бұл жарыста словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп Аустралия өкілдері Теника Макгиффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты.
Кездесу барысында Құламбаева мен Эрьявец қарсыластарына басымдық бермей, екі сетте де сенімді жеңіске жетті. Матч 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Осы нәтижеден кейін Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец турнирдің үздік төрт жұбының қатарына енді.
Енді олар финалға шығу үшін америкалық теннисшілер Рашида Макаду мен Анна Роджерске қарсы ойнайды.
Алдағы кездесудің жеңімпазы Соподағы WTA 125 турнирінің жұптық сайысында чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігіне ие болады.



